Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде Қазақстандағы телеком нарығын қалай дамытамыз

Қазақстанда байланыс пен IT саласы маңызды кезеңді бастан кешіп жатыр. Цифрлық қызметтер мен жасанды интеллектке сұраныстың өсуі кадр тапшылығымен, шығындардың көбеюімен және технологиялық санкциялармен қатар жүруде. Бұл қиындықтарды қалай еңсеруге болатыны “NAG CONF 2025” конференциясында талқыланады.

NAG Kazakhstan директоры Евгений Буренковтың айтуынша, осындай күрделі жағдайда нарыққа қатысушылар арасында бәсекелестік емес, бірлескен іс-қимыл басым болуы тиіс.

“Бүгінде операторлар мен IT компаниялар үшін ең маңызды міндет тек қана құрал-жабдық сатып алу немесе жаңа қызмет енгізу емес, бизнес-модельді толықтай жаңарту. Жүйенің толық құрылымын ескермей, тек қана ақауларды жоюға бағытталған тәсіл қате болып қалады. Бұл әдіс даму процесін тежеп, компанияларды әлсіз етеді”, – деді Евгений Буренков.

Бәсекелестіктен ынтымақтастыққа дейін 

Компания мықты кәсіби қауымдастық саланы жаңа деңгейге көтере алатынына сенеді. Технологияларды бірлесе сынау, тәжірибе алмасу және бірыңғай стандарттарды әзірлеу шығындарды азайтып, инновацияларды енгізуді жеделдетеді.

"Біз Қазақстаннан мәдениетті бәсекелестік әлеуетін көріп отырмыз. Мұнда компаниялар тек бағаға емес, тәжірибе мен шешімдерді енгізу жылдамдығына сай жарысады. Бірақ мұны іске асыру үшін нарық қатысушылары тең дәрежеде сөйлесіп, білімдерін бөлісе алатын алаңдар құру қажет", – деді NAG Kazakhstan басшысы.

NAG CONF 2025 – телекоммуникация қоғамдастығының бас қосу алаңы

Сондай орындардың бірі – NAG Kazakhstan компаниясының бастамасымен ұйымдастырылған NAG CONF конференциясы. Конференцияда байланыс операторлары, интеграторлар, Fintech-компаниялар, өнеркәсіп кәсіпорындары және IT-әзірлеушілер үшін маңызды тақырыптар көтеріледі.

  • – байланыс операторларының жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану;
  • – желілік инфрақұрылым және киберқауіпсіздік;
  • – интернет арқылы қызмет көрсететін жүйелер мен жұмыстарды автоматтандыру;
  • – маркетинг және қызметтің құқықтық аспектілері.

Қатысушыларды практикалық баяндамалар, ашық пікірталастар мен ең бастысы – әріптестер мен сала көшбасшыларымен тікелей байланыс күтіп тұр.

"Күшті телекоммуникациялық қоғамдастық өздігінен қалыптаспайды. Оны құрып, қолдау қажет. NAG CONF – осы ортаны дамытуға біздің қосқан үлесіміз", – деп атап өтті Евгений Буренков.

Қашан және қайда

“NAG CONF Kazakhstan 2025” 23 қыркүйекте Алматыдағы InterContinental қонақүйінде ұйымдастырылған біркүндік офлайн шара форматында өткізіледі. Ұйымдастырушылар конференцияға технологиялық өзгерістер ортасында болып, саланың болашағына ықпал етуді мақсат ететін мамандар мен компания басшыларын шақырады. Конференцияға қатысу тегін. Бірақ міндетті түрде мына жерден тіркелу қажет.

NAG Kazakhstan байланыс операторлары, жүйелік интеграторлар, деректерді өңдеу орталықтары және ірі компаниялармен жұмыс істейді. Компания жабдықтарды жеткізумен қатар, өз аппараттық және бағдарламалық шешімдерін әзірлейді. Компания туралы толық ақпарат пен байланыс туралы мына жерден біле аласыз.

Жарнамалық материал

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 09:00
Талқылау