Чилиде алып шұңқыр пайда болды
Чилиде Алькапаррос мыс кенішінің жанынан тереңдігі 200, ені 25 метрден асатын алып шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Шахта басшылығының айтуынша, жұмысшылар мен жақын жерде тұратын адамдар зардап шекпеген. Ең жақын тұрғын үй шұңқырдан 600 метр қашықтықта орналасқан.
Қазір жергілікті билік бұл шұңқырды зерттеу үшін Ұлттық геологиялық қызмет мамандарын жіберген. Әзірге қызметкерлер жердегі шұңқырдың пайда болуы шахталардағы тау-кен жұмыстарымен байланысты деп болжауда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”