Чилиде 7,4 балдық жойқын жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com
Чилиде 7,4 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Чилидің ұлттық сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен 08:58-де (Астана уақытымен 17:58-де) Пуэрто-Уильямс қаласынан 218 шақырым қашықтықта тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жергілікті билік цунами қаупіне байланысты жағалау аймақтарынан шұғыл эвакуация жариялады. Тұрғындарға жағажай аумағынан дереу кетіп, қауіпсіз жерлерге көшу ұсынылды.
Қазақстан 9 балдық жер сілкінісіне дайын – Төтенше жағдайлар министрлігі
Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде өзбекстандық азамат қорыққанынан көз жұмды
Чили президенті Габриэль Боричтің айтуынша, цунами қаупі туралы ескерту эпицентрден шамамен 300 шақырым радиустағы жағалау аймақтарына таратылады. Ол жағдайға әрекет ету үшін барлық қажет ресурстар жұмылдырылғанын атап өтті.
АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметінің Тынық мұхитындағы цунами туралы ескерту орталығы да бірқатар қауіпті толқындардың пайда болу ықтималдығы бар екенін хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Түркияның Ыстамбұл қаласында 6,2 балдық қуатты жер сілкінісі болған еді.

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
