"Чемпиондық белбеу үшін кез келгенімен шығуға дайынмын": Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жұдырықтасқысы келетінін айтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста жекпе-жекке шығу керек болған отандасымыз сол турнирде өнер көрсету көздеп, уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
“Белалдың қашан оралатыны беймәлім. Сондықтан UFC 310 турнирінде кез келген қарсыласпен уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайынмын. Кімді берсе де бәрібір, бастысы титулдық жекпе-жек болса болды. Өйткені Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын және титулға лайықпын!" - деді Рахмонов.
Айта кетейік, чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) саусағынан жарақат алуына байланысты UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуден бас тартқан еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

