Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігінің алтын жүлдесіне таласады
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігінің финалына шықты.Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында боксшы 67 келі салмақта өнер көрсетіп, алғашқы айналымда Айбек Төлегеновті жеңсе, екінші кезеңдегі қарсыласы шаршы алаңға шыққан жоқ. Ал ширек финалда Төрехан Бақтияр Анарбаевтан басым түсіп, жартылай финалда Елнұр Сүйінбайдың мысын басты. Енді ол алтын жүлде үшін жекпе-жекте Санатәлі Төлтаевқа қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, Төрехан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы. Ол жақында ғана Черногорияның Будвада қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"

