Чемпиондар лигасында “Пафоспен” тең ойнаған “Қайрат” комақты қаржыға ие болды

Фото:”Қайрат” ФК
Чемпиондар лигасында “Пафоспен” тең ойнаған “Қайрат” комақты көлемде қаржылай сыйақыға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық “Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз алаңында Кипрдің “Пафос” командасын қабылдады. 90 минуттық тартысты ойында екі команда да есеп аша алмай, ойын 0:0 есебімен тең нәтижемен аяқталды.
Бұл матчта “Қайрат” Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына қол жекізді. Сонымен қатар, тең ойын нәтижесі үшін клуб УЕФА тарапынан 700 мың еуро көлемінде қаржылай сыйақы алды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде УЕФА жеңіс үшін 2,1 миллион еуро, ал тең ойын үшін 700 мың еуро көлемінде марапат тағайындайды.
Ал бұған дейін “Қайрат” командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро, яғни шамамен 11,7 миллиард теңге көлемінде қаржылай сыйақыға еншілеген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

