Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда педофил колониядан қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлаған

полиция қызметкерлеріФото: Telegram/Бобур Туляганов

Өзбекстанның Ташкент облысында жеті жыл бұрын жасөспірімді зорлады деп сотталған педофил колониядан қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UzNews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Анықталғандай, ер адам жазасын Ташкент облысы Аханғаран ауданындағы колонияда өтеп жатқан. Онда ол жергілікті компанияның меншігіндегі жерге жұмысқа орналасқан.


Қырғызстанда жасөспірім қызды өлтірді деп айыпталған ер адам тағы 7 қылмысқа қатысы бар деп айыпталды


"Педофилдер арамызда жүр": Кішкентай қыздардың видеосына пікір қалдырып, қырындаған еркектер желі қолданушыларын шошытты


Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тұтқынды тұрғындар егістік алқабында оқиға орнында ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырған. Оның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздың жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ.

колониядан қашып кеткенФото: uznews

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдер мен балаларды зорлау және өлтіру қылмыстары үшін өлім жазасын енгізуді көздейтін заңнамаға өзгерістер дайындауды тапсырған еді.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 14:06
Талқылау