Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: Ширек финалдағы екінші матчтың жеңімпаздары белгілі болды

Чемпиондар лигасының ширек финалында жолыққан екінші командалар арасындағы жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Fcbarcelona.com

Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында кездескен “ПСЖ” мен “Барселона” және "Атлетико Мадрид" пен "Боруссия" командалары арасындағы бірінші ойынның жеңімпаздары белгілі болды. Тартысқа толы өткен Париждегі матчта “ПСЖ” командасы “Барселонаға” 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Франциялық клуб сапында Усман Дембеле мен Витинья көзге түссе, каталондықтардан Рафинья дубль авторы атанды. Ал Андреас Кристенсен 77-минутта “Барселона” үшін жеңіс голын салды. 

Мадридтің "Цивитас Метрополитано" стадионында өткен матчта “Атлетико” дортмундтық “Боррусиядан” басым түсті. Родриго Де Пауль мен Самуэл Линоның соққан голдары испаниялықтарға жеңіс сыйлады. Ал “Боррусия” қанша тырысқанымен тек Себастьен Аллер сұрмергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын бір голға ғана қысқартты. 

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда ойнаған командалар арасында жеңімпаздар анықталмағанын жазған едік. Енді бұл құрамалар арасындағы қарымта кездесу 16 сәуір күні өтеді. 

Талқылау