Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: “Ағылшын финалында“ “Челсидің“ мерейі үстем болды

Бүгін Португалияның “Драгау” стадионында Еуропадағы ең беделді футбол жарысы – Чемпиондар лигасының финалы өтті. Шешуші айқаста ағылшынның қос командасы – “Манчестер Сити” мен “Челси” командалары кім мықтыны анықтады.

Пеп Гвардиола баптайтын “Манчестер Сити“ тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықса, “Челси“ осымен үшінші мәрте “чемпиондардың чемпионы“ атануға мүмкіндік алды. Лондондық ұжымның алғашқы “жорығы“ сәтсіз болған. Дегенмен 2012 жылы екінші мүмкіндігін қалт жібермеді.

Финалда Испания төрешісі Антонио Матеу Лаос бастаған мамандар қазылық етті. Әлемдегі коронавирус ахуалына қарамастан Португалия билігі финалға жанкүйерлердің келуіне рұқсат етті.

Тарихта осымен үшінші мәрте ағылшын командалары финалда бір-біріне қарсы ойнады. Бұған дейін “Манчестер Юнайтед“ пен “Челси“ және “Ливерпуль“ мен “Тоттенхэм“ финалда бір-біріне қарсылас атанған.

“Манчестер Ситидің“ бас бапкері Хосеп Гвардиола “Барселона“ мен “Баварияны“ тізгіндеген тұста Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Ал "Челси" бапкері Томас Тухель былтыр ПСЖ-мен ЧЛ финалына шығып, "Бавариядан" жеңіліп қалған еді.

 

Чемпиондар лигасының биылғы финалында сарапшылар мен букмекерлер “Манчестер Ситиді“ фаворит санады. 

Тартысқа толы өткен финалдың тағдырын бір ғана гол шешті. 42-минутта Кай Хаверц сәтті ашылып, Эдерсонмен бірге-бір шықты. Қақпашыны алдап өткен ол бос қақпаны дәл көздеді.

Матчтың соңына дейін екі команданың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Дегенмен матчта есеп өзгермей,  "Челсидің" пайдасына аяқталды. 

Осылайша "Челси" тарихындағы Чемпиондар лигасынде екінші мәрте топ жарса, Томас Тухель бапкер ретінде алғаш рет жеңіске жетті. 

Чемпиондар лигасы – 2020. Финал

“Манчестер Сити“ – “Челси“ (0:1)

Голдар: Хавертс 46

"Манчестер Сити": Эдерсон, Уокер, Диаш, Стоунз, Стерлинг, Гюндоган, Зинченко, Бернарду Силва, Де Брюйне, Фоден, Марез.

"Челси": Менди, Рюдигер, Жоржиньо, Тьягу Силва, Канте, Вернер, Маунт, Чилуэлл, Джеймс, Аспиликуэта, Хавертц.

Айбар Рысдаулет
Жексенбі, 30 Мамыр, 2021 02:00
Талқылау