Әлем бойынша ChatGPT жұмысында ақау пайда болды
Фото: Getty Images
Әлем бойынша ChatGPT жұмысында ақау пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Downdetector қызметінің хабарлауынша, Ұлыбританиядан, Германиядан, АҚШ-тан, Норвегиядан, Польшадан, Франциядан, Нидерландыдан, Үндістаннан, Қазақстаннан, Ресейден және басқа да елдерден ақау туралы хабарламалар түсіп жатыр.
Қолданушылардың әрқайсында әртүрлі ақау байқалған. Кейбіреуі жүйеге кіре алмаса, енді бірі сұрауына жауап ала алмаған.
"Біздің мамандар ақауларды жою бойынша жұмыс істеп жатыр. Ескертулеріңіз үшін алғыс айтамыз", – деп мәлімдеді OpenAI өкілдері.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ