Cейсмолог алматылықтарды халықты қабылдау пунктінде 16:00-ге дейін қалуға шақырды (видео)
Алматы қаласы мен тұрғындарына халықты қабылдау пунктерінде 16:00-ге дейін қалу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, афтершоктар қайталануы мүмкін, бірақ қуаты азаяды.
“Қазір сейсмикалық жағдайды бағалау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Сабыр сақтап, халықтау қабылдау пункттерінде 16:00-ге дейін қалуға шақырамыз. Комиссия қорытындысы қосымша жарияланады”, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қалада афтершоктардың қайталануы мүмкін екенін айтқан еді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”