Cеріктесінің өлімін ауыр қабылдаған: Браконьерлер шабуылынан аман қалған қорықшы алғаш рет сұхбат берді
Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасындағы браконьерлер шабуылынан аман қалған «Охотзоопром» инспекторын алғаш рет сұхбат берді.
© Photo : Меруерт Алимова
Жұма күні экология министрі Мағзұм Мирзағалиев Көкшетауға арнайы келіп, Самат Оспановты 2-дәрежелі Айбын орденімен марапаттады, деп хабарлайды Sputnik.
Оспанов журналистерге берген алғашқы сұхбатында қайтыс болған серіктесі Қаныш Нұртазинов туралы айтты.
Дәрігерлер науқастың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды, бірақ олар оның психологиялық денсаулығына алаңдайды.
«Самат өзінің серіктесінің өлімін ауыр алды, сондықтан біз жұбайына қасында болып, оған қарауына мүмкіндік бердік», - деді бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары Дмитрий Чайков.
Сондай-ақ, ол Саматтың өзіне сенім артқанын, емдеу жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.
«Біз оны келесі аптада сәрсенбі немесе бейсенбі күні шығарамыз деп ойлап отырмыз», - деп қосты Чайков.
Өткен күндері Самат Оспанов журналистерге сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Әйелінің айтуынша, әріптесі Қаныш Нұртазиновтен айрылу ол үшін ауыр болған.
«Біз ешнәрсені білмейтін едік, бірақ өте тату болдық. Біз бір апта бұрын танысқан едік. 17 шілдеде ол мен сияқты іссапарға келді. Жиырма күнді бірге өткізуіміз керек болған. Өте көңілді, мейірімді, сонымен қатар принципшілдігін байқадым. Ол маған «Кұрдас» деп сөйлейтін », - деп еске алады Самат.
«Олардың қазір қандай күйде екенін елестету қиын. Жақындарына көңіл айтамын, менде ең жарқын естеліктер ғана қалды. Әйеліме сабырлық пен шыдамдылық тілеймін», - деді Нұртазиновтің әріптесі.
Марқұмның әйелінің не сезінетін түсінем дейді аман қалған инспектордың жары.
«Мен Саматты тірі қалдырғаны үшін Алла Тағалаға алғыс айтамын және серіктесінің жақындарына күш беруін тілеймін», - деді әйелі.
Саматтың өзі болашақ жоспарлар туралы сұраққа жауап береді. Ол қорықшылық жұмысын жалғастырмақ. Бірақ жұбайы енді ол жұмысқа жібергісі келмейтінін жеткізді.
«Жұмыс - бұл ең бастысы емес. Отбасы, балалар - бұл өмірдің мәні. Менің ойымша, бұған жол бермеймін. Менісөкпеңіздер, түсінуге тырысыңыз», - деді жұбайы.
Аурухананың дәлізінде журналистерге берген сұхбатында Экология министрі бөлімнің қандай міндеттер басталатынын айтты. Бұл заңсыз аң аулау туралы заңнаманы қатайту, орманшылардың материалдық базасын нығайту мәселесі.
«Біз сондай-ақ инспекторлар үшін кәсіби дайындықты жүргіземіз. Ол үшін теория мен практика курсын көтеру керек», - деп түйіндеді Мағзұм Мирзағалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының Жарқайың ауданында инспекторларға шабуыл жасады деген күдікпен браконьерлер 2019 жылдың 23 шілдесінде ұсталған болатын. Олар әкесі мен ұлы, Арқалық қаласының тұрғындары болып шықты.
Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады. Ал браконьерлер қолынан жарақат алған екінші қорықшының жағдайы туралы дәрігерлер толық ақпарат берген.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
