ЦентрКредит Банкіне ЕҚДБ теңгемен 40 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде кредит береді
Қаржыландырудың жалпы пакетіне микро, шағын және орта бизнесті (МШОБ) қаржыландыру үшін теңгелік баламада 30 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде 3 жылға берілетін кредит, сондай-ақ ЕҚДБ-ның «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін теңгелік баламада 10 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде 3 жылға берілетін кредит кіреді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Еуропалық қайта құру және даму банкінен кезекті қарызды алу біздің қаржы институттарымыздың арасында 2003 жылдан басталған жемісті ынтымақтастығымыздың жалғасы болып табылады. Осы қарыз беру «Даму» қорының қатысуынсыз жүргізілді, бұл өз кезегінде біздің жақсы серіктестік қарым-қатынасымыздың көрінісі» - деп пікір білдірді «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Қолданыстағы қарыз аясында МШОБ субъектілері, соның ішінде «Бизнестегі әйелдер» бағыты жеке қарастырылып, қаржыландырылады. ЦентрКредит Банкінің атынан ЕҚДБ-ға қолдауы мен сенім білдіргені үшін алғыс айтамын».
«ЦентрКредит Банкі шағын және орта бизнесті, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, сондай-ақ сауданы қаржыландыру бойынша ЕҚДБ-ның бағдарламаларын іске асыруда біздің Қазақстандағы байырғы әрі сенімді серіктесіміз болып табылады. Банк 2015 жылы ЕҚДБ-ның «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын қолдап, оған қосылған алғашқы қаржы институты болды, бұл бағдарламаның аясында қаржыландырумен қатар консультациялық және оқыту қызметтері ұсынылады» - деп атап өтті ЕҚДБ-ның Қазақстан бойынша басшысы Агрис Прейманис.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
