Лионель Мессидің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы тағдыры белгісіз

Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан тыс қалуы мүмкін. Сол себепті аргентиналық аңыз футболшы Лионель Мессидің алдағы чемпионаттағы тағдыры белгісіз болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
La Nación газетінің мәліметіне сәйкес, Аргентина футбол федерациясының (АФА) басшыларына қатысты жемқорлық дауы өршіп тұр.
Басылым хабарлауынша, осы аптада Аргентинада бұл іске байланысты ірі тінту жұмыстарын бастады. Оқиғаға қатысы бар тұлғалар қатарында федерация президенті Клаудио Тапиа, оның сенімді серігі Пабло Товигиньо және қаржы бөліміне жауапты маман Лучано Накис бар.
Сот Пилардағы 10 гектарлық жердің қаржыландыру көзін тексеруде. Егер сот процестері федерация жұмысына мемлекеттік араласуды ресми түрде тіркесе, ФИФА қатаң шара қолдануы мүмкін.
Қазіргі уақытта Аргентина құрамасын Әлем чемпионатынан шеттету туралы ресми шешім қабылданған жоқ. Алайда күдік расталса, ФИФА ірі санкциялар қолдануы ықтимал
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”

