"Өзара келісіміміз бар": Алматы әкімі құрылыс компаниясы бар туыстары туралы айтты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс компаниясы бар туыстары қала аумағында құрылыс жүргізе ала ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкіміне "құрылыс компаниясына иелік ететін бауырларыңызға Алматы қаласында құрылыс жүргізуіне жол бересіз бе?" деген сұрақ қойылды.
“Туыстарымның қызметіне қатысты осындай сұрақты маған бірнеше рет қойған. Нық сеніммен айта аламын: мен Түркістан облысының әкімі болған кезде де олар Түркістанға келеді деген әңгіме болды, бірақ олар ол жаққа барған жоқ. Шымкентте жұмыс істегенімде де осындай сұрақ қойылды, ол жаққа да кірген жоқ. Алматыда да жағдай дәл сондай. Біздің өзара келісіміміз бар – мен қызмет атқарып отырған жерлерге олар кірмейді”, – деп жауап берді Сатыбалды.
Еске салсақ, дәл осы брифингте Дархан Сатыбалды ескі көліктерден Алматыға кіру үшін ақы алу бастамасы жайлы маңызды мәлімдеме жасаған еді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев