Астанадағы балабақшада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан (видео)

Астанадағы балабақшада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында болған. Анасы ұлының денесіндегі көгерген соққы іздерін байқап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуді талап еткен.
Видеодан тәрбиешінің баланы жұлқылап, басын қабырғаға соққанын, кейінірек сурет салып отырған жерінен қолындағы қағазын жұлып алып, басқа балаға бергенін көруге болады. Полиция шақырылғаннан кейін тәрбиеші өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан.
Баланың анасы тілі енді шыға бастаған ұлының оқиғадан кейін сөйлемей қойғанын айтады.
Астана қалалық білім басқармасында аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
“Биылғы жылдың қараша айында жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің үш жасар балаға күш қолданғаны расталды. Қазір тәрбиеші қызметінен босатылды. Басқарма мамандары балабақша тәрбиешілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – делінген басқарма хабарламасында.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі