Доллар тағы 7,5 теңгеге арзандады
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы да құлдырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

KASE ұсынған мәліметке сәйкес, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 7,56 теңгеге төмендеп, 416,91 теңге болды. Бұған дейін доллардың 24 мамырдағы ресми бағамы 424,84 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы 417,64 теңге, ал сатылымда – 422,44 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 416,14 теңгеден сатып алып, 419,59 теңгеден сатып жатыр.
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Жәбірленушінің анасы бір ғана адамның күдікті ретінде танылғанына наразы