"Баға шарықтау шегіне жетеді": Ұлттық банк төрағасы жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін не болатынын айтты
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін Қазақстанда баға шарықтау шегіне жететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк төрағасының айтунша, үкімет ауқымды салық реформасын жүргізуге мәжбүр болған. Реформа инфляцияның өсуіне әкелсе де, бұл әсер уақытша болмақ.
“Баға көтеріледі, шарықтау кезеңі болады, бірақ содан кейін жағдай біртіндеп тұрақталады, бұл кезеңнен өтеміз. Біз инфляцияның ақшалай және сұраныс бөлігін реттеп отырмыз, яғни экономикада артық ақша айналымының болмауына назар аударамыз”, – дейді Сүлейменов.
2026 жылы жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін бизнеске не болады?
Жаңа Салық кодексі бойынша "жеңілдетілген" салық режимінде қалатындардың тізімі жарияланды
Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк тұтынушылық емес, жинақтауға бағытталған моделді ұстанады.
“Адамдарға қазір ақшасын тағы бір теледидар немесе тоңазытқыш сатып алудан гөрі, депозитке салу қызықтырақ болуы үшін жағдай жасалуда. Біз тұтынушылық емес, жинақтауға негізделген мінез-құлық моделін ынталандырып отырмыз”, – деді Ұлттық банк төрғасы.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, салық реформасы қажет, себебі бұған дейін үкімет жиі Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге сүйеніп келген.
“Салық реформасы қажет, өйткені біздің шығындарымыз көп, ал мұнай-газ саласындағы кірістер жеткіліксіз. Біз Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге сүйеніп келдік. Бұл дұрыс емес. Біз болашағымызды тауысып отырдық. Сондықтан үкіметке ауқымды салық реформасын жүргізуге тура келді”, – деді Тимур Сүлейменов.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерген еді.
Талқылау

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
Сөздерінше, осылайша олар кеміргіштерден бұрын құстар мен тиіндерге, мысықтарға зиян келтіреді