Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Cartier Santos сағаты": Аша Матай әкесіне тосынсый жасады

Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/

Танымал актриса, әнші Аша Матай әкесінің туған күніне тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің әкесі туған күн жасайтынын білмеген. 

“Әкеміздің 65 жасқа толған туған күніне арнап біз оған үлкен тосынсый жасауды шештік. Бұл ерекше күнді есте қаларлық ету үшін біз әкеміздің достарын, сыныптастарын, курстастарын, аға-жеңгелерін, іні-қарындастарын, туыстарын шақырдық. Ол бұл жайлы мүлде білмеді. Біз оны тек кішігірім отбасылық кешкі асқа шақырғандай болдық. Әкеміз залға кіріп келгенде, оны күтпеген жылы жүздер мен қол шапалақтап тұрған 170 адам қарсы алды. Ол шын мәнінде таңданып, қуанып қалды. Бәріміздің бірігіп жасаған осы мерекелік кешіміз өте керемет өтті. Кеш бойы шынайы қуаныш, әдемі естеліктер, күлкі мен махаббат үстемдік етті. Бұл кеш – жанымыздан орын алған ең ыстық сәттердің бірі болды”, – деді Аша. 



Сондай-ақ әнші нағашы әпкесі Баян Мақсатқызы мен жездесі Тұрсен Алагөзовтің әкесіне берген сыйлығын көрсетті. 

“Бұл – Тұрсын жезде мен Баяшка тәтеміздің сыйлығы. Cartier Santos үлгісіндегі сағатын сыйлап жатыр”, – деді Аша. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 17 Маусым, 2025 17:57
Талқылау