БЖЗҚ 6 жыл өткен соң банкрот болған компаниядан 3 миллиард теңге өндіріп алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешімі шыққан соң 6 жылдан кейін банкроттыққа ұшыраған компаниядан 3 миллиард теңге өндіріп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметіне сәйкес "HOMEBROKER" АҚ-дан 3 161 428 049 теңге өндірілген.
"Атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде "HOMEBROKER" АҚ - ның борышкердің банкроттығы жолымен "БЖЗҚ" АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейіннен осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор-аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды", – делінген хабарламада.
Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша "БЖЗҚ" АҚ "HOMEBROKER" АҚ-мен "Сити Сервис Инвест Строй" ЖШС-нен осы қаражатты өндіріп алу жолымен берешек сомасын сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілген. Нәтижесінде БЖЗҚ алдындағы "HOMEBROKER" АҚ берешегі толық көлемде өтелді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген