Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Үкімет қаулысымен Людмила Витальевна Бюрабекова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бюрабекова қызметке 2020 жылдың сәуір айында, Елжан Біртанов министр болған кезде тағайындалған еді.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақстан фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.


Еңбек жолын 2004 жылы Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық фармаколог болып бастады.

Әр жылдары Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық балаларды оңалту орталығының, Ұлттық медициналық холдингтің, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының, Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында жұмыс істеді.

Талқылау