Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұршақ жауып, дауыл күшейеді": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 28-30 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" мамандарының мәліметіне сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, температура төмендейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жел

Синоптиктер Ақ теңіз аудандарынан шығыс бағытқа қарай ауысатын циклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Ал 30 сәуірде республиканың батысында нөсер жауын күтіледі.  

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысындағы бұршақ жауып, дауыл соғады деп күтіледі. Қазақстан аумағы бойынша жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ол оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Назархан Уән
Сәрсенбі, 27 Сәуір, 2022 10:56
Талқылау