“Qoslike" арқылы таныстық": Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық блогер желіні шулатты
Фото: https://www.instagram.com/super.mamanesi/
Желіде маңғыстаулық блогер Несібелі Ахметқызының өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққаны қызу талқыға түсті. Бүгінде блогер отбасымен бірге Алматыда тұрып жатыр. Stan.kz тілшісі блогермен танысып, жеке өміріне қатысты әңгіме өрбітті.
Блогердің сөзінше, жолдасымен “Qoslike” бағдарламасы арқылы танысқан.
“Менің тұрмысқа шығуым қоғамда қатты талқыланғаны рас. Жас дегеніміз жай ғана цифр емес пе?! Санда тұрған ештеңе жоқ. Жолдасымның өзін қабылдап қойғаннан кейін, мені басқалардың әңгімесі қызықтырған жоқ. Екеуміз бір-бірімізді ұнатқаннан кейін ешкімнің сөзіне құлақ асқан жоқпыз. “Qoslike” бағдарламасы арқылы таныстық. Ол бірінші бағдарламаға қатысып, үміткер болып жүрді. Оның қатысқан видеоларын көрдім. 2-3 видеосын көріп, өзім ұнатып қалдым. Сосын үміткер болып өзім бардым. Таныстығымыз отбасылық өмірге ұласты”, – дейді Несібелі.
Бүгінде желі жұлдызы үш баланың анасы. Бірінші некесінен кейін екінші рет тұрмысқа шығуға саналы түрде шешім қабылдаған.
“Балаларым әлі кішкентай болса да, олар жақсы қабылдады. Одан бұрын “Бізде қашан әке болады?!”, “Бізге әке әкелші” деп сұрап жүретін. Ұлым мен қызым қарсы болмағасын ата-анам да ақ батасын беріп, ұзату тойымды жасады. Олар мені әрқашан қолдайды. Себебі мен оңды-солды қадам жасайтын қыз емес екенімді біледі. Ата-анамның сенімін ақтауға тырысып келемін. Ата-енеммен де мәселе жоқ. Келін болып түскеннен бастап, жылы қабақ танытты. Балаларға да жақсы қарады. Екі жақтан да артық сөз естімедік”, – дейді блогер.
Желі қолданушылары блогердің ұзатуындағы салт-дәстүрлерді қызу талқыға салды. Бірі баласы бар келіншектің ұзатылмайтынын айтса, енді бірі барлық әйел бақытты болуға лайық екенін айтып, көпшіліктің пікірі екіге жарылды.
“Баласы бар екен, екінші рет тұрмысқа шыққанын қалап отырған жоқпыз”, “Әйелдің сәукеле киіп ұзатылғаны біртүрлі екен”, “Құдалық жасап-ақ, жақындарымен атап өтуге болатын еді”, “Балаларына жаным ашып кетті”, “Қыз сияқты ұзатылып кетіп барады”, “Барлық әйел бақытты болуға лайық”, “Әйелдің жауы – әйел деген сөз рас екен”, “Сұлу келіншек екен, күйеуі де сондай келбетті, бақытты болсын”, – деп жазды көпшілік.
Блогер тұрмысқа шыққаны үшін хейттің астында қалғанын жасырмады. Сынап жатқан оқырмандарына не себепті сәукеле киіп ұзатылғанын түсіндірді.
“Қазақтың салт-дәстүрінде екінші рет беташар болмайды. Біздің тойда да беташар болған жоқ. Бірақ сырға салынып, құда түсе береді. Мені бұрынғы жолдасым алып қашқан. Құда түсу, сырға салу, ұзату той дегендер болмады. Адам өзі қаласа, салт-дәстүрге қарамайды екен. Менің де ұзатылып, сәукеле кигім келді. Өзім қалағасын ешкімнің ойын тыңдамадым. Мұсылмандық жолмен неке қиып, мәһрге алтын жиынтық сұрадым”, – деді желі жұлдызы.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады