Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамалды

Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бектанов

"2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында.


 Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрінің ұсталғанын мәлімдеді: Мұрат Бектанов қандай жазаға тартылады


Сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Мұрат Бектановтың қамауға алынғаны туралы хабарлаған едік. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 22 Ақпан, 2022 11:46
Талқылау