"Мемлекет вакцина еккендерге уақыт өте келе әлеуметтік артықшылықтар береді": Дәурен Абаев халықтың вакцина алудағы құқығы жайлы айтты
Жақында мемлекет басшысы белгілі бір мемлекеттік қызметкер жемқорлық әрекетін қателесіп, қасақана, саналы түрде жасамаған болса, бұл шенеунікке қылмыстық жауапкершілікке алмауға болады деген мәлімдеме жасаған еді. Бұл бастама елді толғандырып өтті. Қасақана жасалмаған жемқорлық әрекеттері, вакцинация барысында адам құқығы бұзылып жатыр ма, осы жайлы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев “Ашық диалог” бағдарламасыа сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәурен Абаев мемлекет басшысының тапсырмасы мемлекеттік басқару жүйесінің параметрлерін өзгертетін бастама екенін айтады.
“Қазіргі уақытта мемлекеттік басқарудың сапасы төмендеп кеткені шындық. Басшылық етуде орталықта да, басқа жерде де жүйелі түрдегі олқылықтар болып жатқанын түсінеміз. Жемқорлық туралы айтқанда бәрі бюрократия, непотизм туралы айтады. Ал осы мәселелерді шешуге келгенде адал, білімді, беделді азаматтарды адал емес, білімі жоқтардың орнына қою керек деп айтады. Әрине, бұл жақсы естіледі. Кез келген шенеунік белгіленген координаттары бар жүйеде, кәсіби экожүйеде жұмыс істейді. Ол жүйе бірнеше қарапайым бөліктерден тұрады: регламент, лауазымның нұсқаулықтары және т.б.
Қандай жағдай болмасын ол адам бюрократияға бейім классикалық шенеунік болып шығады. Неге бұлай болады? Себебі ол тек нұсқаулықпен ғана жүреді, ешқандай бастама жасамайды, жауапкершілік алмайды. Интерттілік, бастама жасамау, мемлекеттік қызметкерлердің кішкентай кемшілік жасауға қорқынышы елге жемқорлықтан кем түспейтін зиянын әкеледі”, – дейді ол.
Айтуынша, жемқорлықпен күресуден ешкім шаршамайды. Керісінше, шынайы жемқорлықпен күреске күш салынатын болады.
“Біз барлығымыз мемлекеттік қызметкерлердің әлеуетін дамыту үшін жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін тиімділікті арттыру керек.
Мемлекет апаратындағы қызметкерлерді қысқарту бойынша бастама жасалғаны белгілі. Талдаулар көрсеткендей, кейбір мемлекеттік органдардың функциялары қайталанбалы екенін көрсетеді. Мәселен, облыс әкімдігі мен қала әкімдігінің жұмыстарын мысалға келтіруге болады. Екі жерде отырған органдар шамамен бір нәрсе істеп отырады. Президенттің сөздері байыпты әрекеттерге шақыру”, – дейді ол.
Вакцинаны салудағы азаматтардың құқығы жайлы айта келе, Абаев мемлекет екпе алғандарға уақыт өте келе әлеуметтік артықшылықтар беріп отырады дейді.
“Бұл біздің елге ғана емес, бүкіл елге қатысты маңызды мәселе болып отыр. Батыс елдерінде вакцина екпегендерді жұмыстан қуып жатыр, алайда ол жақта ешкім конституциялық құқығымыз бұзылды деп шабылып отырған жоқ. Керісінше, вакцинация адамның қауіпсіздік бойынша құқығы. Егер адам дәріханашы вакцина еккенін білсе, онда оның сенімі одан сайын жоғары болмақ. Міне, қауіпсіздік сезімі деген осы.
- Елімізде міндетті вакцинация басталмақ: Қазақстандықтардың бұл туралы ойы қандай?
- Бас санитардың жаңа қаулысы: 15 шілдеге дейін вакцина салу міндеттеледі
Сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, біздегі вакцинаға қатысты скептицизм Африка елдерінен сәл ғана жоғары деуге болады. Көбі вакцина еккісі келмейді. Бірқатар адамдар діни сенімдерге байланысты алмай жатады. Дегенмен, еліміздегі барлық конфессия басшылары діни канондар мен вакцина арасында ешқандай келіспеушілік жоқ екенін мәлімдеген. Мәселен, ең діни мемлекет Сауд Арабиясында хадж жасау үшін вакцинация паспорты керек. Қазір желілерде вакцина алғандар да ауырып жатыр деген ақпарат тарауда. Әрине, мұндай жағдайлар бар екені рас. Алайда олар жеңіл ауырады. Статистика бойынша, 1000 ауырған адамға 5 вакцина алған адам тең кеп тұр”, – дейді ол.
Сондай-ақ Абаев мемлекет тарихты идеологияландырып жатыр деген пікірмен келіспейтінін айтты.
“Біз тарихи шындықты қайта қалыптастырып жатырмыз. Заманауи қазақтардың этникалық сипаты Алтын Орда дәуірінде қалыптасқан. Мемлекеттігіміздің бастау алатын уақыты 1465 жыл, бірақ этнос ретінде қазақ одан ерте қалыптасты, дәл Алтын Орда хандары уақытына дәуге болады. Сондықтан сол уақыттың тарихын егжей-тегжейлі зерттеуіміз керек”, – деді ол.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
