Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт Қордайдағы оқиға туралы: Кешірімді болайық, бауырлар!

Танымал қазақстандық әнші Бүркіт Жамбыл облысы Қордай ауданында болған тәртіпсіздік жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүркіт

Бұл туралы өнерпаз өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазып кетті. Әнші 3-4 адамның жанжалы, жаппай адам өліміне алып келген. 

"Кеше кешке жаңалықтардан Жамбыл облысындағы Қордайдың маңындағы болған оқиғаны көріп , жаным шығып кетті! Бисмилляһ дедім ішімнен. Қанша адам қайтыс боп кетті! Қаншама көліктер жанып, қаншама дүкен-офистер қирап кетті! Ең бастысы, адамның өміріне қауіп төнді. Осының бәрі неден? Бұның бәрі тұрмыстық жанжалдан шығып отыр. 3-4 адамның бірін-бірімен келіспеушілігінің арасында пайда болған жанжал! Бірін-бірі жығып, сүйегін сындырған үшін. Неге?! Түсінбеймін мен! Неге бәрі атысып, көше-көшемен, ауыл-ауылмен қырылысып кету керек?! Басқаның ісі үшін біреу жауап бермейді ғой ешқашан. Жаман халық жоқ! Жаман ниетті адамдар бар! Кез келген халықта бар ондайлар", - деп жазды Бүркіт.

Бұған қоса ол қазақстандықтарды кешірімді болуға шақырып, марқұмдардың отбасына көңіл айтты. 

"Кешірімді болыңдар, бауырлар! Кешірімді! Барлығы заңмен шешілсін. Заңды түрде болсын. Жүгенсіздіктен аулақ болыңдар! Құр босқа сотталып кетпесін мына қамауға алынған бауырлар! Босатылсын! Олар- Елім, өз ауылым, өз жерім деп жаны ашыған жігіттер!
Қайтыс болған бауырларымның жақындарына , туған-туыстарына көңіл айтамыз. Бірлік- біздің күшіміз! Бірлікте-барлық құпия! Сабыр! Сабыр! Сабыр! Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық тілеймін", - деп қосты әнші. 

Бұған дейін Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктің артында кім тұрғаны айтылған еді. 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Ақпан, 2020 09:57
Талқылау