Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайдағы казино ғимаратында жарылғыш зат бар деген күдікпен 400-дей адам эвакуацияланды

Бурабай курортындағы казино ғимаратын полиция қызметкерлері қоршап алды. Өйткені мұнда жарылғыш зат қойылған деген ақпарат келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сағат 10 шамасында тәртіп сақшыларына "CashVille" казиносында жарылыс қаупі бар екені туралы хабарлама келіп түскен. Бұл ақпараттты қауіпсіздік қызметінің қызметкері жеткізіпті.

“Полиция қызметкерлері жеке сектор аумағын қоршап тұрған көліктерді тексерді. Қазіргі уақытта 393 адам эвакуацияланды. Қазір  жарылғыш заттардың бар-жоғын тексерілуде. Сондай-ақ күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдарының хабарламасы.

Полицейлер жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан үшін қылмыстық жаза қарастырылғанын ескертті.

Талқылау