Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялықтар жұмысқа биік өкшелі туфли киіп келуге қарсылық білдіріп қол жинауда

Ұлыбританияда 120 мыңнан астам адам екі күннен бері жұмысқа биік тақалы туфли киіп келуге қарсылық білдіретін онлайн-петицияға қол қойып жатыр. Тұрғындар бұл өтініштерін парламент сайты арқылы жүзеге асыруда.

1463150583_32

Сурет svopi.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Петицияға бастамашы болған 27 жастағы Никола Торп екен. 2015 жылдың желтоқсан айында Торп офиске биік өкшелі туфли киіп келмеуі себепті жұмыстан шыққан. Ол Лондондағы PwC халықаралық компаниясында жұмыс істеген екен. Қыздың айтуынша, оның бастығы биік тақалы аяқ киім келуді талап еткен. Бастығының бұл талабына қарсылық білдірген бойжеткен, еш ақысын алмастан жұмыстан босатылған. Торп петицияны “Компаниялардың жұмыста әйелдерге биік тақалы туфли киіп келуін талап етуіне тыйым салыңыздар” деген атаумен жарияланған. Петиция қазірдің өзінде 124 мың қол жинап үлгерді.

“Ұлыбританиядағы компанияларда әйелдерден биік өкшелі туфли киіп келуді талап ету әлі де болса заң тұрғысынан қорғалған. Бұл олардың еркіне қарсы. Дресс-код ережесі өзгеруі тиіс. Егер, әйел өзіне ыңғайлы жайпақ табан аяқ киім киіп келгісі келсе, еш қарсылық болмауы керек. Ал қазіргі ереже ескірді”, – делінген петиция мәтінінде.

Ал парламент өз кезегінде қойылған қол саны 100 мыңнан асқан петицияны ғана қарастырады. Ал Торптың бастамасымен жазылған петиция бір күннен соң қаралады деп күтілуде.

Ал PwC бас директоры Саймон Прэтт оқиған болғаннан бір күннен соң өзінің бұл талабының күшін жойған.

Талқылау