Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әжейдің Google-ға жазған сыпайы сұрағы желі қолданушыларын елжіретті

Әлеуметтік желі қолданушылары 85 жастағы британиялық әжейдің интернетке жазған сауалын оқып, жүректері елжіреген.

a47d98fd-0f7e-44df-9607-f18bcd18d2ea

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Ұлыбритания тұрғыны Бен Джон Твиттердегі парақшасында таңқалдырарлық сурет жариялады. Джонның айтуынша, ол өзінің әжесі Мэй Эшуорттың ноутбугын ашқан кезде келесідей жазылған сұрақты көрген: “Өтінемін, мына рим сандарын аударып беріңізші: MCMXCVIII. Рахмет!”.

Қолданушылар әженің бұл сыпайы сұрағын ерекше бағалаған. Твиттерге жазылғаннан кейін сурет 10 мың ретвит пен 15 мың лайк жинаған.

Талқылау