Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Германия 2027 жылы соғысқа дайындалуы керек –  Британиялық сарапшы

Британиялық әскери сарапшы Эд Арнольд НАТО мен Ресей арасында қақтығыс  2027 жылы басталуы мүмкін деп пайымдайды. Ол Германияны шұғыл түрде қарулануға және Еуропадағы одақтастарын қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ұлыбританияның Біріккен қорғаныс зерттеулері корольдік институтының (RUSI) аға ғылыми қызметкері Эд Арнольд dpa неміс агенттігіне берген сұхбатында бундесверді қайта қаруландырудың ауқымды жоспарын бірнеше жылға кейінге қалдыруға болмайтынын, Ресеймен соғысқа 2027 жылы әзірлену керек екенін айтқан. 

Оның тұжырымдауынша, НАТО елдері екі жылдың ішінде Ресеймен әскери қақтығысқа түсуі мүмкін. 

“Қақтығыс Сувалк дәлізінде болуы мүмкін, бірақ қарсыласу ошағы басқа жерлерде де шығуы мүмкін”, – деп ескертті Арнольд.

Сондықтан оның пайымдауынша, қазір бундесвер ең алдымен ауыр әскери техника арсеналын арттыруы керек: Leopard 2 A8 танкілерін, TAURUS алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандарын, Boxer брондалған машиналарын, IRIS-T зениттік зымырандары мен Gepard қондырғыларын. Сарапшы Германия бундесверді де, Еуропадағы одақтастарын да техникамен жабдықтау үшін өндірісін "айтарлықтай ұлғайта алатынын” атап өтті.

Бұған қоса Эд Арнольд Берлинді АҚШ-тағы саяси өзгерістерді ескере отырып, америкалық F-35 жойғыштары мен Patriot әуе қорғаныс жүйелерін сатып алу туралы шешімін қайта қарауға шақырды.

Бұл ретте ол Украинадағы жағдайды еске алды.

"Украина озық техника көп нәрсені шешпейтінін көрсетті. Жай ғана қарсыласыңнан сәл күштірек болуың керек", – дейді Арнольд.

Сарапшы ұшқышсыз ұшақтарды мысалға келтірді.

"Соғыс тәсілінің өзгеруі ұшқышсыз ұшақтардың ең төменгі деңгейде қолданылып жатқанын білдіреді", – деді. Ол ұшқышсыз ұшақтардың "соғыс алаңындағы барлық жерде таралғанын" атап өтті.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 11:31
Талқылау