Британиялық спортшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Фото: Ашық дереккөзден
Британиялық жалаң жұдырықпен төбелес лигасының (Bare Knuckle FC, BKFC) чемпионы Коннор Тирни қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
"Қолғаптағы осы әлем чемпиондарына қараған соң, мен сол GGG-мен шайқасқым келеді. Менің болжамым бойынша мен оны үш раундта жеңемін деп ойлаймын", – деп жазды Коннор өзінің жеке парақшасы Instagram Stories-те, Геннадийдің аккаунтын белгілеп.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 2022 Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жеткен. Содан бері Головкин шаршы алаңға шыққан жоқ.
Қазір GGG World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқаруда. Еске салсақ, Геннадий Головкин кәсіби мансабында 42 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 тең есеп (37 нокаут) тіркеген.
Ал сарапшылар Коннор Тирнидің бұл мәлімдемесін жуырда ғана өткен BKFC 81 турнирімен байланыстырып отыр. Айтулы тунирдің басты айқасы кәсіби бокстың экс чемпионы Джеймс Дигейл австралиялық Мэтти Флойдты ұтқан еді.

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
