Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық сырқы істер министрлігі алкогольден уланып қалу мүмкіндігі жоғары елдердің тізімін жаңартты

алкоголь

Фото: pixabay.com

Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі контрафактілі алкогольден улану деңгейі жоғары мемлекеттер тізіміне 8 елді қосты. Туристерге бұл елдерде сақ болып, күмәнді сусындарды тұтынудан аулақ болу ұсынылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Британдық Сыртқы істер, Достастық және даму министрлігі (FCDO) алкогольден улану қаупіне байланысты саяхатшылар ерекше сақтық танытуы тиіс елдер тізімін кеңейтті.

Бұған дейін бұл тізімге Камбоджа, Индонезия, Түркия, Коста-Рика, Тайланд, Вьетнам, Лаос және Фиджи кірген. Енді оған тағы сегіз мемлекет – Эквадор, Кения, Жапония, Мексика, Нигерия, Перу, Уганда және Ресей қосылды.

Бұған дейін FCDO метанолдан улануға қатысты ескертулерді тек британ азаматтары зардап шеккен аймақтарға ғана қосатын.

"Метанол — антифриз бен бояу еріткіштерінде кездесетін техникалық спирт. Кейбір елдерде оны шығынды азайту үшін заңсыз түрде алкогольдік ішімдіктер мен коктейльдерге қосады. Метанолдың аз ғана мөлшерінің өзі 12–48 сағат ішінде соқырлыққа немесе өлімге әкелуі мүмкін. Бұл улы заттың дәмі де, иісі де жоқ, сондықтан саяхатшылар оны анықтай алмайды", – делінген министрлік хабарламасында.

Назархан Уән
Жексенбі, 16 Қараша, 2025 09:44
Талқылау