Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бозбала 15 жастағы қызды суда зорлап кеткен

Ұлыбританияның Борнмут қаласындағы жағажайда жас жігіт 15 жастағы қызды ашық теңізде зорлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

пляж

Полиция мәліметінше, жігіт 15 жастағы қызды суға шомылып жүргендердің көзінше зорлаған. Күдікті жәбірленушімен кезіккен сәтте, қыз бала теңізде достарымен бірге доп ойнап жүрген. Жігіт оны судың тереңірек жеріне алып барып, зорлаған. 

Зардап шеккен қыздың сөзінше, күдікті жасы 17-де екенін айтқан. Бұған қоса, ол Пәкістан тумасы болуы мүмкін. 

Бүгінде күдіктіні іздеу шаралары жүргізілуде. 



“Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша толық тергеу жүргізіліп жатыр және біз тергеу барысында жәбірленушіге қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Мен жексенбі күні жағажайда болған адамдардан көмек сұраймын. Бәлкім, біреулер оқиғаның куәгері болған да шығар. Егер жігітті танығандар бар болса, полицияға жүгінулеріңізді өтінемін”, – дейді қалалық полиция өкілі Уэйн Сеймур. 

Талқылау