Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен киімі сәйкес келмегендіктен саябаққа кіре алмай, киімін ауыстыруға мәжбүр болған

Блогер қыз "Уолт Диснейдің Дүниежүзілік демалыс орталығы" ойын-сауық саябағына ашық киім киіп барғаны үшін ішке кіре алмай, үстіндегі киімін ауыстыруға тура келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың TikTok-тегі видеосына The Sun басылымы назар аударған. Америкалық Алисса Шуэллер Уолт Диснейдің Дүниежүзілік демалыс орталығының бөлігі Эпкот саябағына барған кезде күзет қызметкерлері оған келіп, дресс-кодты бұзғанын хабарлаған. Қыз үстіне суға түсуге арналған киімнің үстіңгі бөлігіне ұқсас жұқа киім киген.

Айтуынша, күзет қызметкерлері оған киім ауыстыруға міндетті екенін айтқан. Осылайша, бойжеткен дүкенге барып тегін футбол киген.


Әйелі мен итін өлтіріп, қылмысын жасырған ер адамды смарт сағаты арқылы әшкереледі 


Сонымен бірге блогер осы оқиғаға дейін бірнеше сағат бұрын Уолт Диснейдің Дүниежүзілік демалыс орталығының басқа бөлігіне, Дисней Жануарлар патшалығы саябағына барғанын, онда оған сыртқы келбеті туралы шағым айтпағанын атап өтті.

"Дисней өзінің барлық саябақтарына арналған киімге деген талабын нақты бекітуі керек", – дейді қыз. 

 

Талқылау