Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен біз өкшелі туфли киемін деп ауру тапты

Биллингсхерст тұрғыны туфли киемін деп, сепсис ауруын жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

қыз

23 жастағы модель Джемма Дауни жергілікті секонд-хенд дүкенінің бірінен туфли алған. Оны бірнеше рет киіпті. Бірақ бір күні бойжеткен аяғына шыққан жараны байқаған. Ол аяғын ауыртып, шыдатпай қойған.

Ол ауруханаға барып тексерілген. Алайда, қыздың аяғы ауруын тоқтпаған соң, басқа емханаға баруды жөн көріпті. Ол жердегі дәрігер қыздың қан қысымы төмендеп, дене температурасы жоғарылап кеткенін айтқан. Сөйтіп тексеруден кейін оның сепсис ауруын жұқтырғаны белгілі болған. 

Джемма дәрігерлерге қайта дер кезінде келген. Егер жүре берсе, ауруы асқынып аяғын кесуге тура келеді екен. Екі күн ауруханада жатып емделгеннен кейін бойжеткенді үйіне жіберген.

Қазіргі уақытта Джемма тек ыңғайлы жай табан аяқ киімдер киетін болған. Ал биік өкшелі туфли тек арман болып қалыпты. Бірақ бойжеткен болашақта ауруынан толық айыққан соң, карьерасын қайта бастауды жоспарлап отыр.

Талқылау