“Босқа сайрама”: Ақбота Керімбекова өмірін өсектейтін халыққа ән арнады (видео)
Ақбота Керімбекованың шығармашылығында тың жаңалық. Осы уақытқа дейін мұңлы да лирикалық әндерімен халықтың көңілін баураған әншінің ендігі бағыты өзгерген. Керімбекованың тың туындысы жеке өмірін өсектейтін халыққа арналады, деп жазады Stan.kz.
Әншілердің жеке өмірін әңгімеге арқау еткенді ұнататын жандарға арналған ән “Маған бәрібір” деп аталады. Аталған туындының сазын Керімбекованың өзі жазған. Ал сөзі Индира Елубаеваға тиесілі.
“Өнер адамдарының өмірін аңдып, өзгені өсектегеннен ләззат алатын қызық жандар! Бұл ән сіздерге арналады. Қадірлі де,қ ұрметті өсекшукалар, келіңіздер бірге билейік”, – дейді Ақбота.
Айта кетейік, дәл осындай мәндегі әнді бұған дейін Жанар Дұғалова мен Бүркіт шығарған болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
Сарапшылар мұнай бағасына қатысты пікір білдірді

"Нағыз чемпион бұлай өмір сүрмеуі керек": Күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болып, бір бөлмелі пәтерде тұратын әйел көптің көңілін босатты
Желі қолданушылары: "Еңбегін ел дұрыс бағалады ма? Әдеттегідей. Ұмыт қалған”