Алматылық жасөспірімнің асқазанынан 1,5 келі шаш шықты

Видеодан скриншот
Алматыда дәрігерлер 14 жастағы қыздың асқазанынан бір жарым келі шаш алып шықты. Жасөспірімнің іші ауырып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлсіздік сезінген мектеп оқушысына шұғыл ота жасалды.
Қыздың асқазанының көп бөлігінде және аш ішегінде шаш жиналып қалған. Салдарынан ойық жара пайда болып, перитонит туындады.
Шымкентте 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
Қазақстандық дәрігерлер науқастың ішінен 30 келілік қатерлі ісікті алып тастады
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай патология шашты ұзақ уақыт жұтқаннан кейін пайда болады. Әдетте, бұл психоэмоциялық бұзылысқа байланысты. Қазір жасөспірім үйде дәрігерлер мен психологтардың бақылауында. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланды.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды