Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босану кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төндіретін уақыт анықталды

Статистика бойынша, жыл сайын Ұлыбританияда дүниеге нәресте әкелген әр 7000 ананың біреуі көз жұмады. Бұдан өзге, жылына 15 сәби дүниеге өлі болып келеді немесе туылған соң бір айдың ішінде шетінейді екен. Яғни Британияда ана мен бала өлімі әлі де алаңдатарлық жағдайда.

Doctor-Delivering-a-Baby

Бұл туралы Mirror басылымы жазды.

Өзге сүткоректілермен салыстырғанда адамның залалсыз босануы неліктен қиындық туғызатыны әлі күнге дейін зерттелуде.

Бұл ретте ана үшін ең қауіпті босанатын уақытты анықтау маңызды. Остиндегі Техас университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, бұл сұраққа жауап берді.

Зерттеушілердің пайымдауынша, акушердің баланы босандыруға қай кезде кіретін уақыты маңызды рөл атқарады. Әсіресе, жоспарланбаған босану кезінде абай болмаса, ана мен баланың өміріне қауіп төнуі мүмкін.

A-young-mother-lays-in-her-hospital-bed-with-her-crying-newborn-baby

Нақтырақ түсіндірсек, дәрігердің 12 сағаттық жұмыс кестесінің 9-сағатында ана мен баланың көп қан жоғалту қаупі басым. Яғни дәрігердің жұмысқа деген белсенділігі мен ынтасы, оның күш-қуатының қалыпты жағдайда болуы ананың өміріне ықпал ететін болып шықты.

«Бұл тақырыпта біршама зерттеулер жүргізілге. Алайда бұған дейін дәрігердің қаншалықты шаршап тұратындығы ескерілмепті», – дейді дәрігер Джеймс Скотт.

Mother-holding-newborn-baby-in-hospital

«Тоғызыншы сағатта ананың қан жоғалтуы 30 пайызға артса, баланың артериалды қан қысымы 7,1-ден төмендейді. Қалыпты жағдайда ол 7,3 пен 7,4-тің ортасында болуы тиіс. Зерттеумен айналысқан команда акушердің шаршаңқы болуы сәбидің өміріне қаншалықты әсер ететінін анықтады», – дейді дәрігер.

Зерттеушілер 2008 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың қазаны аралығында жоспарсыз 24506 рет босануды назарға алды.

A-mother-giving-birth-to-her-baby-in-the-hospital

Бақылауға алынған акушерлердің түгелі дерлің 12 сағаттық кестемен жұмыс істеді. Бұл кезде әйелдің күндіз немесе түнде босануының еш айырмашылығы жоқ екені анықталды.

Дегенмен жұмыс уақытының 9-сағаты бәрінен де қауіпті болып шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Орал тұрғыны: Дәрігер әпкеме”неге туасың? ауылыңа қайт” деп жылатып кетті

Ауруға шалдықтыратын сөздер

Сәбидің алғашқы екі айда жылау себебін білесіз бе?

Планшеттің балаларға қандай зияны бары анықталды

Талқылау