Орал тұрғыны: Дәрігер әпкеме”неге туабересің? ауылыңа қайт” деп жылатып кетті

Дүйсенбі, 17 Сәуір , 2017 12:49

Орал қаласының тұрғыны Stan.kz сайтының редакциясына хабарласып, қалалық емхананың дәрігерлері өздерін қалай ұрысатынын, кемсітіп, намыстарына тиетін сөздер айтатынын ашық әңгімелеп берді.

анабала

Келіншектің сөзінше №3 емхананың учаскелік дәрігері Кулайым Қалажанова апалы-сіңлілі көрші тұратын Нышановалардың отбасына соңғы бірнеше жылдан бері шүйлігіп жүр. Сондықтан да шыдамымыз таусылды дейді кіші Нышанова.

-Меруерт, сонда дәрігер не себепті сіздерге жақпай қалды?

-Мен дәрігер бізге жақпай қалғандықтан шағымданып отырған жоқпын. Ол кісінің қандай адам екені маған маңызды емес. Тек өз жұмысын дұрыс атқарса болғаны. Менің жағдайымда учаскелік дәрігеріміз Кулайым Қалажанова өзін тым дөрекі ұстап, менсінбеушілікпен қарап, менің қайғымды бетіме басқаны ауыр тиді. Соңғы жағдайды айтып берейін. Әпкем Жадыра Нышанова екеуміз көпқабатты үйдің көршілес пәтерінде тұрамыз.

Жадыра 26 наурыз күні үшінші ұлын босанды. Учаскелік дәрігер баланың және ананың жағдайын тексеру үшін сол үйге келіпті. Үйде жездем, тағы бір әпкем мен отырған болатынбыз. Дәрігердің көзінше сол үйдің 2,5 және 3,5 жастағы ұл балалары ойнап, шулап кетті. Қонақ келсе баланың шулап кететіні белгілі зат қой. Соны көрген дәрігер босанғаннан кейін жүйкесі тозып отырған әпкемді ұрысып, жылатып қойды.

Айтқаны «балаларда тәрбие жоқ. Неменеге тағы туып отырсың? Саған спираль салдыр дегенде неге тыңдамайсың? Бала туып, баға алмайтын болсаң ауылыңа кет, сол жақта не істесең де өзің білесің» деп айқайлап тастады. Мұны көрген мен шыдамай дәрігерге «ол сөзіңіз не? Сіз босанып отырған әйелге не айтып отырсыз?» деп кірісіп кеттім. Дәрігердің айтқаны «Сен өзіңнің 1,5 жасар балаңды қолдан өлтірген анасың. Мүлдем араласпа» деп айқайлап тастады.

-Сіздің басыңыздан осындай жағдай өткен ба еді?

-Болды, үш жылдай уақыт бұрын. Кім баласын өлсін деп туады? Мысалы, ол менің үлкен қайғым. Тұңғышымнен қапыда айырылып қалдым. Соны қолдан жасадың деп ескі жарамды тырнап, қанатып отыр. Ішкі дүнием өртеніп, ызадан булығып қалдым.

Ал әпкем осы ұрыстан кейін қатты жылап, сүті шықпай қалды. Бір күннен кейін бір айға толмаған баласы ауырып, балалар ауруханасына жатып қалды. Ол өзі іштей менің сөз естіп қалғаныма өкінгені анық. Міне біздің учаскелік дәрігеріміздің берген көмегі. Біздің салығымыздан айлық алады, қызметі «толып» отырған адамды «жарып» кету.

-Қазір әпкеңіздің, жиеніңіздің жағдайы жақсы ма?

-Бір қалыпты. Емделіп жатыр. Дәрігер ол кісіге «балаларыңды уақытша балалар үйіне өткіз» деген. Мен бұл сөзді түсінбедім. Сонда екі баладан артық туғандар балаларын мемлекеттің қарауына беруі керек пе? Әпкем үй шаруасымен балаларына қарап отырған адам. Жездем жұмысын істеп олардың керегін тауып беріп отыр.

Дәрігердің әдемі өмір сүріп жатқан отбасын неге бұзғысы келіп отырғаны түсініксіз. Одан қалса біздер Шымкенттен Оралға көшіп келгенбіз. Дәрігер оны да талай мәрте бетімізге басып айтқан жағдайлар болды.

Қазақпыз ғой кісіні жұмысынан айырмайық, қарғысына қалмайық, балаларын асырап отырған адам шығар деп кешіріп келдік. Соңғы жаңдай қатты ауыр тиді. Сондықтан да облыстық денсаулық сақтау басқармасынан осы емханаға тексеру келсе екен. Мемлекеттік қызметкердің этикасынан емтихан алса екен деймін.

-Дәрігер тек сіздермен осылай дөрекі сөйлеседі ма? Басқа ата-аналармен сөйлесіп көрмедіңіз ба?

-Емханада тура осы дәрігердің қылығына таң қалып, ашуланып отырған бірнеше ата-ананы көрдім. Бірақ, олардың есімдерін білмеймін. Іздеп , бірігіп шағым түсірейік деген де ой болды. Дегенмен оған уақыт жоқ. Дәрігеріміз орыс тілді. Қазақша да жақсы түсінеді. Бізді алғашында орысша дұрыс жауап бермейді деп менсінбейтін. Қазақша сөйлесек те біздер адамның намысына тиюді, шектен шығуды ұят санаймыз. Ол кісінің ойынша орысша білмейтіндер, надан шығар. Адамның қай тілде сөйлейтіні емес не сөйлеп тұрғаны маңызды. Осындай әрекеттері ашындырады.

Нышановалардың шағымынан кейін Орал қаласындағы №3 емханаға хабарласқан болатынбыз. Онда журналистермен №3 емхана директорының орынбасары Әлия Жәлелқызы сөйлесті.

«Сіздердің сұрауларыңыз бойынша өз ішімізде мәселені қарадық. Учаскелік дәрігер Кулайым Қалажанова расымен де бізде істейді. Ол кісі бірнеше жылдан бері еңбек етіп кележатқан адам. Әрі өз ісінің маманы. Сіздер айтқан жағдай расымен де болыпты. Дәрігеріміз өте қызуқанды адам. Сөйлеу мәнері солай.

Сондықтан да тұрғындар мен арасында түсініспеушілік болған екен. Оны өз ішімізде көтеріп, шара қолданғалы жатырмыз»,-деп жауап  берді Әлия Жәлелқызы .

Осы оқиғадан кейін учаскелік дәрігер Нышановалар отбасына хабарласып, кешірім де сұраған. Бірақғ тұрғындар дәрігердің амалсыздан кешірім сұрап тұрғанын, қажет болса өздерін сотқа беріп, жазалатуға әзір екенін ескертіп кетті дейді.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

Алматыда 30 жыл қысы-жазы жалаңаяқ жүрген профессор өмірден озды (фото)

Қазақ емшісі медицинада емделмейтін обыр дертін шөптермен емдеп жазған

Алматы облысында зорланған 8 жасар қызды оқушы бала құтқарып қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар