Соңғы жаңалықтар

Боранды күні жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл тағайындалмақ

Ауа-райы мың құбылып, қарлы боран ұйытқығанына қарамастан жолға шығып кетіп, құтқарушыларды әуре-сарсаңға салатын жүргізушілерге айыппұл салынбақ. Ішкі істер министрлігі ескертуді елемеген тізгіншілерді осылай тезге салмақ. Ол үшін заңға тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұл қаншалықты дұрыс? Оған қатысты азаматтар не дейді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

көлік түнде қыс

Екі апта бұрын елдің мазасын алған қарлы боран көпішілік есінде. Полицейлер болмайды десе де құлақ аспай, өзінің де, өзгенің де денсаулығын бәйгеге тіккендер көп еді. Міне, осындай жүргізушілер ақыры бір шешім шығаруға итермелегендей. Ішкі істер министрлігі заңға өзгеріс енгізуі мүмкін.

«Бұл мәселені талқылап жатырмыз. Естеріңізде болса Владимир Божко төтенше жағдайлар бойынша жауапты болғанында жабық жолға шығып кеткен жүргізушілерді жауап тарту мәселесін көтерген болатын. Бұл мәселе іжөніндеәлі де ақылдасамыз», - деді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран төтенше жағдайлар қызметін аяғынан тік тұрғызды. Жолда қалған азаматтардың жайы айтпаса да түсінікті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай, сапарға шыққандарды жауапкершілікке тарту керек пе? Тұрғындардың пікірі екіге жарылды.

«Енді ол дұрыс емес.Олар қайдан біледі енді шыққанда ескерту керек. Айыппұл деген енді дұрыс нәрсе емес. Оларға қажет ойнап шығып жатқан жоқ, өздерін ойлап шығып жатыр. Айыппұл салмай тек ескерту жасау керек», - деді жүргізушілердің бірі. 

«Енді оның барлығы кісінің амандығы үшін істеліп жатқан нәрсе. Енді кейде жағдайлар болады бір қиын ол уақытта енді кісі жолға шықса оның бәрін айыппұл салатын кісілер ескеру керек шығар». , - деді тағы бір көлік иесі. 

«Ауа-райының қолайсыздығын алдын ала ескертіп жарияланған жағдай да шара қолданған дұрыс шығар. Өйткені, келесіде ол қайталанбауы керек». «Дұрыс деп ойлаймын. Өйткені ескерткеннен кейін шықпау керек. Жолда қалып қояды ғой. Енді қанашама жағдайлар болып жатыр. Сондықтан дұрыс деп ойламын», - деп пікір білдірді тұрғын. 

Боранды күні азаматтардың амандығы үшін барын салған мамандар осылай жалынғандай болып еді. Себепсіз емес. Жолдың үстінде тұрып қалған жүргізушілердің саны артқан болатын. Депутат Бектұрғанов қауіпсіздік - бірінші кезекте әркімнің өз шаруасы екенін естен шығармау керек дегенді алға тартты.

«Айтқанға кейбір адамдар түсінбейді. Мысалы, 400 машинаға дейін жолда қалып қалды. Әйтеуір, сақтағанда адамдардың көбін құтқарды. Қанша қиындықтар болды. Бұл да бір жағынан қаралып жатыр қазір. Қаралып жатыр. Бірақ, әр адам өзінің амандығы, саулығы үшін өзі жауап беру керек», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов.

Парламент өкілінің пікірін заңгер Абзал Бекбосынов та қолдады. Қауіпсіздік өз алдына, бұдан бөлек қыруар шығынның барын да ұмытпау керек екенбіз.

«Әрине, біздің көптеген жүргізушілер төтенше жағдайлар жөнінде берілген ескертперлерге қарамастан жолға шығып отыр. Және сонымен қатар көптеген жүргізушілер тас жолдың бойында қалып қойып жатыр. Ал айналып келгенде мемлекетке құтқару үшін көптеген шығындар әкеліп соғып жатыр. Сол үшін айыппұлмен шектеліп, айыппұл салғаны дұрыс деп ойлаймын. Айыппұл салғаны және оны заңға енгізгені дұрыс»,- деді заңгер Абзал Бекбосынов.

Заңға бағынбай, жолға шығатындардың мәселесі алдағы уақытта қаралады. Айыппұл салу туралы өзгеріс ене ме, жоқ әлде ескертумен шекте ме белгісіз. Қалай болғанда да қауіпсіздік әр азаматтың жеке мәселесі екені айтпаса түсінікті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр