Боранда жүгіріп, жол көрсетті: Қостанайлық полиция қызметкері желі жұлдызына айналды
Қостанайлық полиция қызметкері көлік жүргізушісіне тас жолындағы қар құрсауынан шығуға көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алау" порталына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшысы көліктің алдына шығып, жол көрсетіп жүгірген. Оның артынан жүрген көлік жүргізушісі полиция қызметкерін видеоға түсіріп алған. Осылайша полицияға өзінің ризашылығын білдірген.
"Көліктің алдында жүгіріп жүрген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Боран сұмдық, жол көрінбейді", - дейді кадр сыртындағы дауыс.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан