Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Мажағұлов президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған Болат Мажағұлов жаңа қызметке келді. 

Болат Мажағұлов президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәдениет және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған Болат Мажағұлов президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ, баяндамада Мажағұлов өзін бұрынғы жұмыс орнында нағыз мәдениеттің патриоты ретінде көрсеткені айтылады.

"2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының мәдениет басқармасына басшы болып келгелі Болат Бауыржанұлы мәдениеттің шын жанашыры екенін дәлелдеп, келелі істердің басы-қасында жүрді, талай игі бастамалардың іске асуына мұрындық болды.

Болат Бауыржанұлы басқармаға басшылық еткен жылдары «Жастар театры» да бірқатар жетістікке жетіп, биіктен көрінді. Театрдың құрылғалы бергі 12 жылында халықаралық, республикалық деңгейдегі байқаулардан 12 Гран-При жүлдесін иеленуінде де Болат Мажағұловтың өзіндік үлесі бар.

Қолынан іс келетін басшының қандай қызметті бастаса да, абыроймен атқаратынына сенім мол", - делінген Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жастар» театрының парақшасында.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Шілде, 2019 15:31
Талқылау