"Болашақтың" түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Фото: “Аmanat” партиясы/ Оқу-ағарту минстрлігі
Парламент мәжілісінде “Аmanat” партиясының атынан жаңа депутат қосылады. Ол оқу-ағарту министрі болып тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованың орнына келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"AMANAT" партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен парламент мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді. Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Әбутәліп Мүтәлі – "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.
Еске салайық, 29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты қызметінен босатып, орнына Жұлдыз Сүлейменова келген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген