"Болашақта NASA-да жұмыс істеймін": 12 жасар қыз АҚШ-тағы университетке оқуға түсті
12 жасар қыз АҚШ-тағы Аризона мемлекеттік университетіне оқуға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алена Уикер биыл мектепті бітіріп, бұл ретте барлық сабақтарды үйде оқып, Аризона университетіне оқуға түсті. Ол сабақты осы жазда бастамақ, ал университетті бітіргеннен кейін Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасында (NASA) ғалым болуды жоспарлап отыр.
"Менде қол жеткізгім келген мақсат болды. Әрқашан инженер болуды армандайтынмын, өйткені өмір бойы бірнәрсе құрастыру ұнайтын", - деді Алена.
LADbible басылымының хабарлауынша, Алена Уикер астрономия, планетология және химия саласында қосарланған мамандыққа ие болады. Ол университеттегі оқуын 16 жасында аяқтап, сол жылы NASA-ға баруды жоспарлап отыр. Оның мақсаты - Perseverance миссиясында Марсқа жіберілген жер үсті көліктеріне ұқсас дүние жасау.
Аленаның құрылысқа деген құштарлығы кішкентай кезінде Lego жиынтығынан басталған.
"4 жасында ол: "Анашым, мен NASA-да жұмыс істеймін, Мен ол жаққа көтерілемін" деп жұлдыздарды нұсқаған. Оның сан, лего және ғылымға икемі болды, сондықтан мен оны дамыта бастадым", - деді қыздың анасы Дафна МакКуартер.
"Колледжді бітірген кезде мен болашақтың ғарыштық жол талғамайтын көліктерінің бірін басқарамын. Сіздің қанша жаста екеніңіз және не істейтініңіз маңызды емес. Мақсат қойыңыз, армандаңыз, содан кейін жүзеге асырыңыз", - деді жас данышпан.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
