Болашақ көлігі: Қазақстандықтар электросамокат пайдалана бастады
Қазақстандықтар көліктің жаңа түрін пайдалана бастады. Тұрғындардың пікірінше, электросамокат – болашақтың көлігі.
Бұл туралы Экспресс-К хабарлайды.
Электросамокат сағатына 35 километрді еңсере алады. Бір қызығы, көліктің салмағы небәрі 10 килограмды құрайды екен. Яғни, су жаңа көлікпен жұмысқа баратын кез келген қала тұрғыны оны еш ойланбастан кеңсеге алып кіре алады.
Самокаттың батареясы небәрі 2 сағатта қуатталады. Ал ол 40 километр жол жүруге жеткілікті дейді тұтынушылар. Оның бағасы 140 мың теңгеден басталады екен.
Электросамокаты барлардың пікірінше, жақын арада үлкен қалаларда ешкім автокөлік айдамайды. Самокаттың тиімділігін түсінгенде барлығы жаппай осыған көшеді. Әсіресе, кептеліс уақытында самокаттан ыңғайлысы жоқ дейді тұтынушылар.
Алан Исаев
Жіберіп алмаңыз:
Төрт адамды қағып кеткен шымкенттік жазадан босатылды
Ауылдық жігіттің қызғанышы: Қонақта әйелінің көзін шығарып, үйінде азаптап өлтірді
Астаналықтар 6 баласымен жалғыз қалған әйелге көмек көрсетті
Алматы облысының тұрғындары қалаға 80 теңгелік жаңа пойызбен қатынай алады