Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасының World Boxing әлем чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Ливерпулдегі World Boxing әлем чемпионатына қатысатын боксшыларды жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның бокс құрамасы алғаш рет World Boxing ұйымы аясында өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. Дүбірлі дода 4–14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді.

Ерлер құрамасының құрамы:
50 кг — Санжар Ташкенбай
55 кг — Махмұд Сабырхан
60 кг — Бибарыс Жексен
65 кг — Ертуған Зейнуллинов
70 кг — Төрехан Сабырхан
75 кг — Сабыржан Аққалықов
80 кг — Нұрбек Оралбай
85 кг — Бекзат Нұрдәулетов
90 кг — Сағындық Тоғамбай
+90 кг — Айбек Оралбай

Әйелдер құрамасының құрамы:
48 кг — Назым Қызайбай
51 кг — Алуа Балқыбекова
54 кг — Элина Базарова
57 кг — Карина Ибрагимова
60 кг — Виктория Графеева
65 кг — Аида Әбікеева
70 кг — Наталья Богданова
75 кг — Надежда Рябец
80 кг — Гүлсая Ержан
+80 кг — Елдана Тәліпова

Осылайша, тарихи чемпионатта Қазақстан толық құрамда ерлер және әйелдер құрамасымен өнер көрсетеді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 22:37
Талқылау