Бокстан экс-чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды
Бірінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Лиам Смит (33-3-1, 20 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Британиялық боксшы Головкиннен бөлек өз отандасы Келл Брукпен де жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
"Меніңше, GGG-мен жекпе-жекті ұйымдастыруға болады", – деді Смит Sky Sports басылымына сұхбатында.
Лиам Смит Крис Юбенкпен (32-3, 23 КО) жұдырық түйістіріп, сенсациялық жеңіске қол жеткізген.
Еске салайық, Головкин WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Бұған дейін Крис Юбенк отандасымызбен жекпе-жек өткізуге ниет білдірген.
Талқылау