Бойы 193 сантиметр әйел өзінен 18 сантиметрге қысқа жігітімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Фото: lizzylonglegs27
Бойшаңдығымен танымал британиялық тұрғын Лиззи Джейд Грумбридж қысқа бойлы жігітімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
31 жастағы Грумбридждің бойы 193 сантиметр. Қазір ол бойы 175 сантиметр Олли Коццамен қарым-қатынаста.
Оның айтуынша, бәрі әрқашан жұптың бой айырмашылығын байқайды. Оның үстіне Грумбридж 20 сантиметрлік биік аяқ киім кию арқылы бойын одан сайын үлкейтеді.
Дегенмен Коцца бұған алаңдамайды, керісінше ол мұны қызықты деп санайды. Ол барлығы оның сүйіктісіне назар аударғанын ұнататынын мойындады.
Грумбридждің сөзінше, қарым-қатынасының құпиясы Коццаның өзіне деген сенімділігінде. Ол ешқашан оның бойына бола алаңдамаған немесе өкшелі аяқ киім кимеуді сұрамаған.
Грумбридждің айтуынша, бой айырмашылығы олардың қарым-қатынасын ерекше және қызық етеді.
Жұптар көбіне бір-біріне бейімделуге мәжбүр. "Біз бір-бірімізді осы қалпымызда жақсы көреміз" деді ол.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты