Блок-бекеттер алынғаннан кейін елімізде жол апатының саны күрт өскен
Блок-бекеттердің алынып тастауынан кейін жол-көлік оқиғаларының саны артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақавтожол мәлім етті.
"Өңірлерде Covid-19 пандемиясының аясында карантиндік іс-шараның енгізілуіне байланысты автомобиль жолдарындағы көлік қозғалысының қарқындылығы бірнеше есе азайд. Жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеп, ал қаза болғандар саны 35%-ды құраған. Алайда автомобильдердің қозғалысына деген шектеу шараларын алып тастау және көлік ағындарының артуы жол апаттар санының күрт өсуіне себеп болды", - делінген ұйымның Facebook-тегі парақшасында.
Статистикаға сәйкес, 1-7 маусым аралығында ғана халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 29 жол көліп оқиғасы орын алып, нәтижесінде 16 адам қайтыс болып, 50 адам жарақат алды.
"Ағымдағы жылдың басынан бері 642 жол-көлік оқиғасы орын алып, 193 адам қайтыс болса, өз кезегінде 2019 жылдың осы уақытында 309 адамның өлімімен 791 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Мамыр айы бойынша салыстырсақ, осы жылы 95 жол-көлік оқиғасы орын алған, бұл жағдайда жарақат алғандар саны 150 және 25 адам қайтыс болды, ал 2019 жылдың мамыр айында 154 жазатайым оқиға орын алып, жарақат алғандар саны 250 және 58 адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Осы жылдың басынан бастап ең көп жол-көлік оқиғалары келесі облыстарда орын алған: Алматы облысында (229 оқиға, 55 өлім), Жамбылда (58 жағдай, 10 адам қайтыс болды); Шығыс Қазақстан облысында (57 оқиға, 18 адам қайтыс болды); Түркістанда (55 оқиға, 22 адам қаза болды), Ақмолада (49 оқиға, 8 адам қаза тапты).
Жол-көлік оқиғалары негізінен жылдамдық пен белгіленген тәртіпті бұзу салдарынан орын алады, яғни, жол ережесінің талаптарын сақтамауға байланысты жүргізушілердің кінәсінен болып отыр.
Өз кезегінде Қазавтожол байланысты жол ережелерін бұзғаны үшін жазаны одан әрі қатайтуды, сонымен қатар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында құқық қорғау органдарының (жол-патрульдік қызметі) бақылауды күшейтуді ұсынды.
Айта кетерлік жайт, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында кешенді мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жол жамылғысындағы ақауларды жою және жол ортасының элементтерін құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жол апаттары қаупін азайту мақсатында заманауи және инновациялық техникалық құралдар, мысалы, икемді белгі бағандары, күн сәулесімен жұмыс жасайтын катафоттар, люминесцентті шу белдеулері, жарықдиодты жол белгілері және т.б. белсенді түрде енгізілуде екен.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
