Блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды

Блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ол көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істің барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп мәлімдеді полиция.
Осыған дейін Әділетхан Молдахан ұсталғаны туралы жазған едік. Ол үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы жол-апатына қатысты болжамдар айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған.
Алматыда ұсталған блогер Әділетхан Молдахан бұрын тонау ісі бойынша сотталған – Полиция
ОқыңызАртынша ол жалған ақпарат таратқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынғаны айтылды.
Жол апаты туралы толығырақ
21 наурызда Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында ауыр жол апаты болды. Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-пен соқтығысқан. Нәтижесінде 3 адам қаза тауып, Zeekr жүргізушісі жарақат алды.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды. Бейресми деректерде Ержан Узабаевтың аты аталды, алайда полиция бұл ақпаратты нақтылаған жоқ.
Оқиғадан кейін жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды. Ішкі істер министрі Ержан Саденов қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр